Рухани жаңғырудың жарқын жолы

2018 жылдың 12 қазанында психология және педагогика факультетінің барлық мамандықтарының 1 курс студенттеріне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіруге арналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жобаларымен таныстыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен тәрбиелеу және ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері Егизекова Диана, Дьякова Наталья, Атабаев Бахит, Нурбаева Нургуль«Рухани Жаңғыру»:«Тәрбие және білім», «Атамекен»,«Қостанай облысының киелі жерлері географиясы», «100 жаңа есім»бағдарламасы туралы ақпараттарды баяндап, белсенділік танытты.

ҚМПУ-нің жобалау бөлімінің басшысы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Балгабаева Гаухар Зкрияновна ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылу барысы туралы түсініктеме ақпаратпен сөз сөйледі.

Соңында студенттер «Қостанай облысының киелі жерлері» атты бейнебаянын қарады.

Іс-шараның модераторы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байжанова Сауле Аскарбековна өткізілген іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Байжанова Сауле Аскарбековна,
мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз