«Ересектерге шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері» Халықаралық дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 31 октября 2018
2018 жылдың 31 қазанында ҚМПУ психология және дефектология кафедрасында "Ересектерге шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері" атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына философия докторы (РhD), Әулие Кирилл және Мефодия университетінің қауымдастырылған профессоры (Словакия), ҚМПУ вице - ректоры Ева Сметанова; ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы, философия докторы (РhD), қауымдастырылған про-фессор, А.А. Ташетов; ППФ деканы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Айдналиева Н.А.; психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Л.Н. Лиходедова; философия докторы (РhD), қауымдастырылған профессор Б.Ш. Баймухамбетова; п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Т.И. Смаглий; п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ш. С. Демисенова, аға оқытушылар, магистрлер Д. С. Тойымбетова, А. К. Бисембаева, А.Х. Үсембаева; 6М010300 Педагогика және психология мамандығының магистрлері, бітіруші курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушыларына ППФ деканы Н.А. Айдналиева Қазақстандағы тіл ахуалын дамытудың басымдықтарын белгілей отырып, құттықтау сөз сөйледі.
ҚМПУ вице - ректор Ева Сметанованың ұсынған Словакиядағы ересек және жастардың шет тілін үйрену тәжірибесі талқылау үшін қызықты болды. Қазіргі кезеңде ересектерге шет тілін оқыту проблемасының жағдайын талдаумен философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Б.Ш. Баймухамбетова сөз сөйледі. Ересектердің шет тілін оқытуда психологиялық кедергілердің пайда болу ерекшеліктерін, факторлары мен көріну жағдайларын п. ғ. к., қауымдастырылған профессор Т.И. Смаглий атап өтті.
Психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі Л.Н. Лиходедова шет тілін оқитын ересектердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселесі бүгінгі таңда халықтың мәдениаралық өзара іс-қимылының ұлғаюына байланысты ерекше өзектілікке ие болатынын атап өтті. Сондықтан да ересектерде күнделікті өмірде және кәсіби қызметте шет тілі саласында алған теориялық және практикалық білімдерін тиімді қолдануда мотивацияны қалыптастыруға ықпал ететін оңтайлы жағдайларды іздеу мәселесін талқылау үлкен ғылыми қызығушылық тудырады.
Осыған байланысты, халықаралық жобаны әзірлеу үшін философия докторы (PhD), қауымдастырылған професор Ева Сметанованың басшылығымен ҚМПУ психология және дефектология кафедрасының оқытушылары мен әулие Кирилл мен Мефодия университетінің (Словакия) оқытушылары арасынан халықаралық бастамалық топ құру қажет, оның шеңберінде ересектерге шет тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді жүзеге асыру және осы категорияны оқыту процесін табысты іске асыруға көмектесетін практикалық материалдар әзірлеу қажет.
Л.Н. Лиходедова, психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор