Дефектология бойынша пәндік олимпиада

2018 жылдың 13 желтоқсан күні психология және педагогика факультетінің психология және дефектология кафедрасының базасында дефектология мамандығы бойынша студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға «5В010500-Дефектология» мамандығының екінші және үшінші курс студенттерінен құралған «Эрудит», «Солнечный свет» және «Эквилибриум» командалары қатысты.

Олимпиада мақсаты-дефектология салалары бойынша болашақ мамандардың жеке және шығармашылық әлеуетін жандандыружәне оқытуды жетілдіру, ғылыми қызметтің беделін арттыру, дефектология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын студенттердің интеллектуалды қарым-қатынастарын ұйымдастыру.

Іс-шара бағдарламасы 4 айналымды құрайды, олар: «Визиттік карточка», «Сарапшылар сайысы», үй тапсырмасы «Ғылыми жоба» және «Кәсіби шеберлік» сайысы. Барлық команда әр айналымда сүрінбей өтті, дегенмен сайыстың аты сайыс.

Олимпиада қорытындысы бойыша командалық есепте жеңімпаздар анықталаған болатын: 1 орынды «Эрудит» және «Эквилибриум» командалары иеленсе, 2 орын «Солнечный свет» командасы алды. Командаларға сертификаттар берілді, сонымен қатар қазылар алқасы сарапшылар байқауының қорытындысы бойынша команда капитандарын ерекше атап өтіп, оларға сертификаттар табыс етті.

Олимпиада барысында қазылар алқасы мен көрермендердің ерекше назарын аударған командалар қорғаған ғылыми жобалары болды.

Атап айтар болсақ, «Эрудит» командасы «Мұғалім-дефектологтың жобалау қызметі: Логопедиялық мультфильм-Алфавит» жобасын ұсынса, «Эквилибриум» командасы «Сенсорлы ынталандыру үшін «Так-ти» тактильді ойыншығы» атты жобаны, ал «Солнечный свет» командасы әлеуметтік маңыздағы «Пет-терапия» жобасын қорғаған болатын.

Әділқазылар әр жоба өзінің өзектілігімен ерекшеленіп, бала дамуында үлкен орын алады деп атап өтті.

Енді командалар 2019 жылғы Республикалық олимпиадаға қатысуға дайындалуы керек.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз