Оқу-тәрбие практикасының қортынды конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 06 февраля 2019
2019 жылдың 6 ақпанында психология-педагогикалық факультетінің "Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттерінің оқыту мен тәрбие тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті. Студенттер іс-тәжірибеден Қостанай қаласы әкімдігінің № 61 бөбекжай балабақшасында өтті. Конференцияға кафедра оқытушылары және 2 курс студенттері қатысты.
Оқыту мен тәрбие практикасының мақсаты: педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдыларын меңгеру.
Педагогикалық тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер презентация, портфолио және күнделік түрінде есеп беріп, алған әсерлерімен бөлісті.
Кафедра мұғалімі Сұлтанбекова Жадыра Хамитбековна студенттерді практиканың сәтті аяқталуымен құттықтап, болашақ кәсіби қызметінде педагогикалық табыс тіледі.
Практикант-студенттер, балабақшаға, топ тәрбиешілеріне, әдіскерлерге практикадан өту кезінде жан-жақты көмек көрсеткен іүшін алғыс білдіреді.