Жаңа тәрбиешілер үшін жаңа бағдарлама!
- Подробности
- Опубликовано: 08 февраля 2019
8 ақпан күні Ө.Сұлтанғазин ҚМПУ-де «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларына талап етілетін мамандарын даярлаудың шарты: тәжірибе және перспективалар» атты брифинг өткізді. ҚМПУ-деоқу-әдістемелік басқармасы мен «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы бастамасы болды.
Брифингке «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары, кафедра түлектері, студенттер, іс-тәжірибеден өтуші тәрбиешілер мен Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің әдіскерлері және т. б. қатысты.
Іс – шараның мақсаты: 2019-2022 оқу жылына арналған "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасын таныстыру және стейкхолдерлерден кері байланыс алу. Бағдарламаның тұсаукесері студенттер мен жұмыс берушілердің қызығушылығын тудырды. "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасының болашақ тәрбиешінің кәсіби дайындығының заманауи талаптарына сәйкестігі, элективті пәндердің өзектілігі және мектепке дейінгі білім берудің жаңа үрдістеріне сәйкестігі атап өтілді. Жұмыс нәтижелері бойынша «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру»кафедрасы міндетті түрде қарастырып, одан әрі жұмыс істеуге үйрететін ұсыныстар енгізілді.