«Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» атты кураторлық сағат
- Подробности
- Опубликовано: 24 января 2019
2019 жылдың 24 қаңтарында аға оқытушы Данильченко Г.А. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 2 курс студенттерімен (орыс бөлімі) «Біз этносаралық қақтығыстарды, терроризм мен экстремизмді тудыруға қарсымыз!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Мақсаты: Студенттердің бойында толеранттылық сезіміндерін ояту, қоғамдағы болып жатқан әр түрлі шынайы жағдайларға философиялық тұрғыда және сыни көзқараста қарай білуге тәрбиелеу, өздерінің рухани жетілулері мен өзін-өзі дамытуға деген қабілеттерін қалыптастыру, қазақстандық патриоттық сезімдерін нығайту.
Міндеттері:
- экстремистік топтардың негізгі мақсаттарымен, олардың туындау себептерімен және өзіндік белгілерімен таныстыру;
- экстремизмнің туындауы мен таралу себептерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамаларды қарастыру:
- мектепке дейінгі мекмелердің болашақ тәрбиешілері мен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын нығайту, өмірдің құндылығын сезіндіру.
Қоғамдық ортада терроризм мен экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын-алу болып табылады. Жастар арасында осындай алдын алу шараларын жүргізу өте маңызды. Себебі, терроризм және діни экстремизммен күрес – тұтас ұлт болып бірігіп тосқауыл қоятын құбылыс. Ұрпақтың діни сауатын арттыру арқылы тәрбиелейтін болсақ қана түрлі антиәлеуметтік және қылмыстық топтардың белең алуынан елімізді қорғай аламыз.
Бүгінде Қазақстан – гүлденген ел, еліміздің экономикалық жетістіктері бүкіл әлемге танылды.
Кураторлық сағат барысында келесі мәселелі сұрақтар талқыланды:
- Терроризм туралы не білеміз? Экстремизм дегеніміз не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
- Бұл мәселелер туралы айту қажет пе?
- Экстремизм, терроризм жаңа құбылыс па?
- Экстремистер, террористер тек қана белгілі бір дін өкілдері болып табылады ма?
- Егер экстремистер менімен бірдей дінді ұстанатын болса, демек, менің сенімім терроризмнің себебі болып табылады ма?
- Егер адамдар еліміздің қарулы күштерінде қызмет етсе және қолбасшының бұйрығы бойынша зорлық-зомбылық әдістерін қолданса, онда бұл террористік әрекет болып табылады ма? (әскерге қарсы әскер).
- Терроризмді басқа елдердің азаматтарына қарсы шетелдіктер ғана жүзеге асырады ма?
- Экстремизмнің алдын алу үшін не істеуге болады?
Мемлекетіміздегі діни ахуалдың тұрақталуы туралы негізгі бағаны беретін – халық. Осы кезеңде жұмыстың стратегиялық жолмен таңдалған бағыттарын жалғастыру, іс-тәжірибені біртіндеп жақсарту маңызды.