Өздігінен білім алу (Self-education) - педагогтың кәсіби қызметінің негізі
- Подробности
- Опубликовано: 23 января 2019
2019 жылдың 23 қаңтарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тұлғаның мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тәрбие кафедрасы өткізген «Өздігінен білім алу (Self-education) – педагогтың кәсіби қызметінің негізі» // атты онлайн конференцияға доцент Данильченко Галина Ивановна қатысты.
Конференцияға облыстық және аудандық білім беру ұйымдарынан келген педагогтар қатысты, қалалар: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жетіқара, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды облыстарынан.
Конференцияға 265 адам қатысты, олар: мектепке дейінгі мекемелердің, мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері, жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері, колледждер мен ЖОО оқытушылары, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, әдіскерлер және білім беру мекемелерінің басшыларының өкілдері болды. Галина Ивановна Данильченко «Өзін-өзі дамыту – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың бір түрі» тақырыбында баяндама жасады.
Педагогтар әрдайым педагогикалық және әдістемелік жаңашылдықтардан хабардар болып тұрулары үшін және оларды студенттермен жұмыс жасауда пайдалану үшін әрдайым өздерінің кәсіби деңгейлерін жетілдіріп отырулары қажет: пәндік, әдістемелік, коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени, құқықтық, яғни өз білімдерін жетілдірумен айналысу.
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде білім беру бағдарламалары (курстар) аясында мамандандырылған ақпараттық-білімдік ортасының көмегімен оқытушылар өзін-өзі дамыту мәселелерін шеше аларлықтай жағдайлар жасалған.
Конференция материалдарымен Қостанай облысының «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы сайтындағы қашықтықтан оқыту платформасының Конференция бөлімінен танысуға болады.