Педагогикалық колледж студенттеріне кәсіби бағдар беру
- Подробности
- Опубликовано: 26 февраля 2019
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К., оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Сатыбалдина Р.А. 26 ақпан 2019 жылы профориентациялық іс-шараларымен, яғни Қостанай педагогикалық колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығында оқитын студенттерді жоғарғы білім алуға шақыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу кезінде Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі мамандықтар бойынша:
- «Психология»;
- «Педагогика және психология»;
- «Дефектология»;
- «Бастауыш оқыту әдістемесі»;
- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жоғарғы білім алуға шақырылды.
Осы мамандықтар бойынша күндізгі және қашықтықтан оқуға болатыны туралы және колледжден кейінгі талапкерлерге грант бөлінетінін хабардар етілді. Колледж бітірген студенттер қысқартылған, яғни 3 жылда жоғарғы білім ала алады және ЖОО түсу үшін компьютерлік тестілеу емтиханын тапсырады.
Университетті бітірген түлектер әр түрлі профильдегі оқу орындарында, кәсіпорындарда, түзету мекемелерінде, психологиялық орталықтарда, әскери құрылымдарда, емдеу және профилактикалық орталықтарда, бейімдеу орталықтарында қызмет жасай алады.
Бакалаврлық бөлімді аяқтаған соң магистратураға түсуге болады. 2018 жылдан бастап «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура ашылды және оған мемлекеттік гранттар бөлінеді. 2019 жылы осы мамандық бойынша докторантура ашуға құжаттар дайындалуда. Кездесудің соңында студенттермен «Мамандық және тұлғаның қабілеттіліктері» атты тренинг жүргізілді. Студенттер үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу кезінде оқуға түсу ережелері туралы толық ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды. Колледж студенттерінің жатахана мәселесі, ондағы әлеуметтік-тұрсыстық жағдайлары, ақылы оқу, босаған грантқа ауысу, университетке түсу емтихандары т.б. сұрақтарына толық жауап берілді.