Психология-педагогика факультетінде 2019 ашық есік күні
- Подробности
- Опубликовано: 13 марта 2019
2019 жылы 13 наурызда психология-педагогикалық факультетінде Қостанай қаласы мен Қостанай облысы мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.
Оқушылар алдында психология-педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саламатова А. Б., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгеруші п.ғ.к. Ли Е.Д. сөз сөйледі.
Бітірушілерге бакалаврларды дайындау бағыттары мен бейіндері (5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В010500 – «Дефектология», 5В010300 – «Педагогика және психология», 5В050300 – «Психология»), оқуға түсу туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шара қонақтары үшін психология-педагогика факультеттің студенттік активі сөз сөйледі (Лантух Я., Алимгасинова Г., Казез Д., музыкалық нөмірлер Сәбитбек Ж., Ламбрихт Т.). Балалар қызықты студенттік өмір туралы және әр студенттің өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екенін айтты.
Мектеп түлектері ППФ аға оқытушылары А. Х. Үсембаева, Б.К. Каирова, О.В. Калиниченко және "Психология" мамандығының 1 курс студенттерінің жетекшілігімен тренингтерге белсенді қатысты.
Сонымен қатар, психология-педагогика факультеттің оқытушылары арнайы кабинеттер мен зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырды.