Жас мамандар конкурсы
- Подробности
- Опубликовано: 11 марта 2019
Университетімізде жас мамандар мектебін қалыптастыру мақсатында менторлық жоба жұмыс жасап жатыр. Жоба аясында педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызы Жаратылыстану-математика факультетінің «Химия» және «География» мамандықтарыны екінші курс студенттеріне практикалық ашық сабақ өткізді. Конкурсқа қатысушының тәлімгері педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалгимбекова Ә.Б.
Ашық сабақ «Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында болды. Тәжірибелік сабақ толығымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ тәжірибесін трансляциялау бойынша өткізілді. Сабақ топтық жұмысқа негізделді.
Постер қорғау және «Автобус аялдамасы», «Блум түймедағы» әдістері арқылы сынып қабырғасына ілінген тапсымаларды студенттер орындады. Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технология, критериалды бағалау, ұжымдық- шығармашылық қызмет тиімді қолданылды. Сабақтың алғашқы бөлімінде quiziz.com бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларын орындаса, сабақ соңындағы рефлексия nearpod.com бағдарламасы негізінде жүргізіліп, білім алушылар сабақтан алған әсерлерін мобильді қосымша арқылы жүзеге асыра алды.