Педагогикалық олимпиада
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2019
2019 жылдың 4 сәуірінде сағат 13:30-да «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасында "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу"мамандығының 2-3 курс студенттеріне арналған педагогикалық олимпиада өткізілді.
Іс-шара дарынды және талантты студенттерді анықтау үшін тең жағдай жасау, олардың ары қарай зияткерлік дамуы мен құзыреттілігі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі мамандығының маңыздылығын насихаттау мақсатында өткізілді.
Кафедра оқытушылары Гущина У. В. және Жандауова Ш. Е. жетекшілігімен педагогикалық олимпиаданың сценарийі мен тапсырмалары әзірленді.
Қазылар алқасының мүшелері: П. ғ. к. Дайкер А. Ф., п. ғ. к. Данильченко Г. И., П. ғ. к. Байжанова С. А., педагогика ғылымының магистрі Иванова Е. Н. келесі номинациялар бойынша конкурстық іріктеуді қарастырып, өткізді:
"Менің мамандығым - педагог"атты педагогикалық жағдайларды шешу – зияткерлік конкурсы, театрландырылған ертегі қойылымдарын көрсетті, startup жобаларын қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне берілді. 2 және 3 орындар «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 және 2 курс арасында бөлінді.
Студенттер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Педагогикалық олимпиада жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру студенттердің оқу-танымдық қызметін ынталандырып, олардың оқу мотивациясының деңгейін арттырды.