Педагогика ғылымы студенттер көзімен
- Подробности
- Опубликовано: 10 апреля 2019
Инновациялық дамуда білім маңызды рөл атқарады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бүгінгі күнгі өзекті де, кезек күттірмес мәселе. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру міндеттерін ескере отырып, білім берудің жаңа сапасына және жас ұрпақтың тәрбиесіне қол жеткізуге бағытталған өзекті тәсілдер, идеялар мен тәжірибелер талап етіледі. Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға жетекші рөл педагогика ғылымымен, соның ішінде жас ғалымдардың зерттеулері ерекше мәнге ие.
Болашақ педагогтарды шығармашыл, белсенді, өз қызметінің нәтижелеріне жауапты тұлға етіп тәрбиелеуде педагогика кафедрасының әдістемелік апталығының аясында «Педагогика ғылымы студенттер көзімен» атты 20 студенттік жоба қатысқан студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Осы ғылыми конференцияда қазақстандық білім беру мазмұнын жаңғырту тұрғысынан қызықты әрі болашағы зор жобалар ұсынылды. Колледж студенттерінің көшбасшылық қасиеттерін, әлеуметтік белсенді ұстанымдарын педагогика сабақтарында қалыптастыру, әлеуметтік бейімделуін басқару туралы Қуаныш Ақжан, Амангелді Ғазиза (педагогика және психология, 4 курс), Қайырлапова Жұлдыз (педагогика және психология, 4 курс), Сағындық Сапархан (педагогика және психология, 4 курс) зерттеулерінде талқыласа, бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні сабақтарында үштілділікті пайдалану туралы Бектаева Әселдің (педагогика және психология 4 курс) зерттеуінде айтылды. Заманауи білім беру жүйесіндегі инновациялық даму, білім беру үрдісін цифрландыру да студентердің зерттеулерінен тыс қалмады. Ойын платформалары білім алушыларды ынталандыру құралы ретінде Едрес Тоғжанның (Химия 2 курс), Нұркелді Перизаттың (тарих 2 курс) еңбектерінде қарастырылды. Заманауи сабақтарда белсенді оқыту стратегияларын пайдалану жолдары туралы Әнуарбек Әйгерім (химия 2 курс) еңбектерінде айтылды. Орта, техникалық және кәсіптік оқу орындарының тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту мәселелері, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қуанышбек Назым(педагогика және психология, 4 курс) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша колледж студенттерінің әлеуметтік жоба құруға педагогикалық қолдау, «Туған жер» бағдарламасын іске асыру жолдары туралы Нұржігітова Меруерт (педагогика және психология, 4 курс) зерттеулерінде қарастырса, заманауи қоғамдағы отбасы институтын қалыптастыру туралы Сәбитбек Жанерке (педагогика және психология 1 курс), Умарова Гүлниса (педагогика және психология, 2 курс) зерттеулерінде көрініс тапты. Сартаев Рауан (тарих, 2 курс) оқушылардың бос уақыттарын шығармашылыққа пайдалану жолдарын зерттеу жұмыстарында қарастырды.
Ғылыми жобалардың авторлары ғылыми-зерттеу мәдениетінің жоғары деңгейін және жақсы шығармашылық әлеуетін көрсетті. Көптеген студенттер таңдалған тақырып бойынша жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Студенттердің ғылыми конференцияның қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар қабылданды:
- «Педагогика ғылымы студенттер көзімен» студенттік ғылыми-практикалық конференциясында қарастырылған мәселелердің өзектілігі;
- білім беру саласындағы өзекті ғылыми мәселелерін дамыту бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру, ғылыми жобаға айналдыру;
- авторлық идеяларды одан әрі дамыту және оларды ғылыми-зерттеу жобалары мен студенттік стартаптар түрінде жүзеге асыру үшін конференцияға қатысушылардың таңдаған бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру;
- Студенттің ортасында түрлі ғылыми форумдар өткізу арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу идеясын кеңінен тарату;
- «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала негізінде зерттеу жұмыстарын дамыту.
«Педагогика ғылымы студенттер көзімен» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясының барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.