«Достық» мерекесі студенттермен бірге бейімделу орталығында
- Подробности
- Опубликовано: 10 апреля 2019
10 сәуір 2019 жылы Ө.Султангазин атындағы ҚМПУ студенттері мен психологияжәне дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. Қостанай облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып әлеуметтік-психологиялық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты орталықта бейімделуші балалар дос бола білу, достықты қадірлеу және достыққа адал болуға шақыру. Іс-шараны өткізу кезінде әртүрлі психологиялық жаттығулар, тренингтермен қатар балалардың қатысуымен сайыстар ұйымдастырды.
Іс-шараның бас кезінде орталықтың балалары ұялып, ашыла алмаса, біраздан соң өздерінің өнерлерін ортаға салып, өлең айту, домбырада ойнау, тақпақтар айтып, жүргізілген ойындармен жаттығуларға белсене қатысты. Әрбір адам табиғатынан ерекше, оның бойында көптеген қабілетіліктері мен ашылмаған таланттары бар.
Келген сайын балалармен олардың бойында үлкен мүмкіндіктер барын, сол арқылы өмірден өз орнын табуға болатынын айтамыз. Осындай кездесулер олардың ерік-жігерін көтеріп, бұл өмірде жалғаыз емес, айналасында қайырымды адамдардың барына деген сенімнің жоғарылауына негіз береді. Студенттер әрбір кездесуден өздеріне практикалық тәжірибелер жинақтап, болашақта кәсіби қызметіне қажет дағдылар қалыптастырады.