Абайдың Қара сөздері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қайнар көзі
- Подробности
- Опубликовано: 18 апреля 2019
«Педагогика және психология» мамандығында оқитын 1 курс студенттері мен топ жетекшісі Каирова Б.К.18 сәуір күні «Абайдың Қара сөздері Рухани жаңғыру бағдарламасының қайнар көзі»атты кураторлық сағат өткізді. Студенттер Абай атамыздың бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазып кеткен қара сөздеріндегі ұлттық болмысқа, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты тағлымдық ой-пікірлерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қатар қойып арасындағы өзара үндестікті талдады.
Мәселен, Елбасы бағдарламасындағы «Білімнің салтанат құруы», «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік», «Ұлттық бірегейілікті сақтау», «Сананың ашықтығы» және «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» басымдықтары қарасөздегі жастарды білімге шақыру, мал жинамай білім жинау керектігі, ауыз бірлікке, өнер талаптану мәселелері айналасында сабақтастықты талдады.
Жалпы, Абайдың қара сөздеріне өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасасақ, оның қазақ қоғамындағы көптеген көкейкесті мәселелерді қозғағанын көреміз. Айталық, бүгінде адамзат баласының алдында руханиятты дамыту, бейбітшілікті нығайту және табиғатты қорғау сынды зор міндет тұр. Мұның ішінде, әсіресе руханият – ең маңыздысы. Өйткені адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Сондықтанда қай халықты алып қарасақ, олар ең алдымен өз ұрпағын тәлім – тәрбиеге, білімге, адамгершілікке тәрбиейді. Абай атамыз әрбір қара сөзінде рухани тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Мысалы, «отыз үшінші» қарасөзде дүние табу үшін қолөнер үйренбек керектігін айтады. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Ақын адал еңбекпен нан тауып, қолөнерді әрмен қарай жетілдіруді және ашқан кәсіптің ауқымын арттыруды меңзейді. Осы пікірлерді бағдарламаның «Білімнің салтанат құруы», «Прагматизм», «Сананың ашықтығы» басымдықтарымен сәйкестеніп тұрғаның айтуға болады.