«Ұстаздарым – думан болсын әр күнің!»

Ұстаздар Күні қарсаңында 2019 жылдың 1 қазаны күні психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. жетекшілігімен 1, 2 курс студенттері Психология және педагогика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Ұстаздарым – думан болсын әр күнің!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Педагогтарға алғыс сөздер, өлеңдер мен әндер айтылды. Мектеп өміріндегі қызықты конкурстар мен миниқойылым педагогтар мен студенттер үшін үлкен әсер қалдырды.

Ал бисіз қандай мереке? 1 курс қыздары қызықты ұйғыр биін орындады.

Факультет студенттері атынан Қасымов Нұрсұлтан және Сабитбек Жанерке педагогтарды кәсіби мерекемен құттықтап, өз ұстаздарына алғыстарын білдіріп, қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

Фото: https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2704360716250671

День Учителя - 2019

День Учителя - 2019

День Учителя - 2019

День Учителя - 2019

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз