«Қарлығаш» студенттік жобасы эфирде!
- Подробности
- Опубликовано: 11 декабря 2019
2019 жылдың 11 желтоқсанында психологиялық-педагогикалық факультеті педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Ажмолдаева Малика және Кубекова Гульназмен бірге Қостанай телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.
Тікелей эфир барысында еріктілер «Қарлығаш – балалардың әлеуметтену және бейімделу мектебі» әлеуметтік жобасы аясындағы жұмыстары туралы әңгімелеп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
2019 жылдың 10 желтоқсанында «Еріктілер жылының» салтанатты ашылуында және «Жастар жылының» жабылуында Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады және өз сөзінде еріктілер қозғалысын кеңейтуге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы барлық еріктілік жобаларды бірнеше бағытта біріктіруді ұсынды.
Біздің студенттік еріктілер жобасы Республикалық «Сабатастық» жобасына сәйкес келеді, онда еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасай алады.
Педагогикалық университеттегі студенттік еріктілер бірнеше жыл бойы Рудный балалар үйімен белсенді түрде жұмыс жасап, балалар үйінің демеушілік отбасылық тобымен өзара әрекеттесіп келеді. «Қарлығаш» тобы жыл сайын «Kitap Fest» Кітаптар фестивалін», мектеп Кубогының жыл сайынғы футбол турнирін, «Кәсіп іздеуде», «Арманға жетіңіз», «Фотосурет негіздері шеберлік сыныбы», «Өз бизнесіңді қалай бастау керек? шеберлік сыныбын», қайырымдылық акциялары, жәрмеңкелер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кәсіби бағдар беру бойынша түрлі іс-шараларды өткізеді.
Бағдарламаның жүргізушілері көшбасшы Асия Кыкпаевнаны «Үздік ерікті – 2019» байқауындағы жеңісімен құттықтап, оларға қызықты идеялар, шығармашылық жеңістер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ақысыз көмектесуге дайын мейірімді және белсенді адамдардың қосылуына тілектестік білдірді.
Асия Кыкпаевна «Қарлығаш мектебі» жобасының болашақ жоспарларымен, болашақ идеяларымен және Қазақстан Республикасындағы еріктілік жылына арналған және Жастар жылы аясында өткізілетін «Достықтың еріктілері» Халықаралық жастар форумына қатысу туралы жоспарларымен бөлісті.
Ерікті-студент Ажмолдаева Малика жобада жұмыс жасау туралы алған әсерлерімен бөлісті. Ол еріктілік студенттердің жеке және кәсіби сапаларының өсуін анықтайтын нақты мектеп болатынына сенім білдірді.
Студенттерді әлеуметтік еріктілік жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз!