Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисі
Басшы
Кистаубаева Карина Мирамовна
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет алдында бес институционалдық реформа мен Елбасы әзірлеген Ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.
«Біздің қоғамның басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту болып табылады» - деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 қадам Ұлт жоспарында айтылған.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері құрайды.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі заманғы саясатты іске асыру негізінде парасаттылық идеологиясы жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың тұжырымдамалық негізі – қоғамды дамытудың қазіргі кезеңінде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыру контексінде бекітілетін парасаттылық идеологиясы айқындалған.
Саясатты жүзеге асыру аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да Студенттік Парламенттің парасаттылық комитеті құрылды, оны енгізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы тұру, сондай-ақ университет студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, ЖОО-да сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қызметкерлер мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданды.
Мәселен, 2020 жылдың қаңтар айында ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңсе құрылды.
- университет әкімшілігі, педагогикалық құрамы және қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын және жауапкершілігін қалыптастыру;
- университет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту.
2020 жылдың 28 қаңтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт» бекітілді, ол университеттің лауазымды тұлғаларының, қызметкерлері мен ПОҚ-құрамына арналған ережелерді мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған әрекеттері мен шешімдерін анықтайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисі 2020 жылға арналған арнайы жұмыс жоспарын әзірледі, онда бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған, оның мақсаты ПОҚ және университеттің қызметкерлеріғана емес, сонымен қатар ЖОО білім алушыларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады.