Білім беру сапасының мониторингі және тестілеу бөлімі
Бөлім бастығы
Сулейменова Динара Ертаевна
Бөлімнің міндеті:
- Оқу үдерісіне, білім беру сапасын қадағалау мен тестілеудің бүгінгі күннің талабына сай формаларын енгізу.
Бөлімнің қызметтері:
- Білім беру қорытындысын шығарудың барлық кезеңіндегі: өтпелі, аралық және қорытынды тестілік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Пәндер бойынша емтиханға, студенттерді аттестациядан өткізіп, олардың алған білімдерін бекіту үшін, студенттердің білімдерін эксперттік бақылау үшін және институт кафедралары білім беру деңгейлерін анықтау үшін тестік тапсырмалардың жиынтығын дайындайды.
- Тестік тапсымалардың: қажеттіліктерін, қиындылықтарын, айырмашылықтарын, өміршеңдіктері мен сәйкестіктерін зерттеп отырады;
- Тестілеуді өткізудің технологиясын, оны бағдарламамен қамтыу жолдарын, жауаптардың алдын алуың, институтта студентерге сабақ беру мен оқытудың және мамандарды дайындау сапасын қадағалайды;
- Ұлттық тестілеу Орталығының басшылығымен оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) өткізуге қатысады.
- ОЖСБ дайындық шеңберінде кеңес беріп, байқау тестілерін өткізеді;
- Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде ОЖСБ өткізуге (тізімдерді хаттау, дәрісханаға кіргізу реті, дәрісханалар қорын тексеру.т.т.) дайындық жұмыстарын жүргізеді.
- Компьютерлік білімсіздікті жою бағдарламасына сай, соңғы курс студенттерін арнайы тестілеуден өткізеді;
- Оқытушылар мен профессорларға, оқу үдерісінде жаңа технологиялық құралдарды қолданудың жолдарын үйретеді;
- ОЖСБ барысын қадағалап, соның негізінде институтта оқу үдерісінің сапасын арттыруға арналған ұсыныстар жасайды.