Баспахана
Басшы

Худякова Светлана Петровна
- Кабинет: 15
- Телефон: 8 (7142) 54-58-74 (ішкі номер160)
- e-mail: lana_30_06@mail.ru
2004 жылдың сәуір айында институттың құрылымдық бөлімі ретінде баспахана құрылды. Оның негізгі міндеттері институттың бөлімдерін өз уақтында және сапалы бланкілік, баспа өнімдері және оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Баспахана келесі қызметтерді жүзеге асырады:
- оқу-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды басып шығару;
- конференция материалдары мен бағдарламаларын басып шығару;
- "Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ЖАРШЫСЫ" ғылыми-әдістемелік журналын шығару;
- грамоталарды, дипломдарды және баннерлерді дайындау;
- қажетті бланкілік өнімдерді көбейту.
Сапа саласындағы жалпы мақсаты: баспаханалық қызметтердің сапасына кепілдік беру, сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердің сұраныстарын қанағаттандыру үшін қажетті іс-әрекет процестерін жүзеге асыру.
Баспахана міндеттері:
- институт бөлімдерінің баспаханалық жұмыстарға деген қажеттілігін сапалы және толық қанағаттандыру;
- жұмыскерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру, өтінімдерді орындау үшін шығындарды азайту және жұмыс сапасын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы жұмыс әдістерін енгізу;
- баспахананың материалды-техникалық базаны жақсарту.