Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы
Басқарма бастығы
Кабдрахметов Нурлан Исмагулович
Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы өзіне келесі екі құрылымдық бөлімшелерді құрайды:
- Түлектерді жұмысқа орналастыру офисі, офис жетекшісі – Жамангузова Нургуль Айтбаевна;
- Кәсіптік бағдар және мемлекеттік қызмет көрсету офисі, офис жетекшісі – Ковалёва Наталья Викторовна
Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасын құрудың мақсаты – тұлғаның кәсіби өзін-өзі мәселелері бойынша талапкерлермен ақпараттық-ағартушылық, кеңес-әдістемелік жұмыс жүргізуді жүзеге асыру, талапкерлердің білім алу қажеттіліктерін тұлғалық-бағдарланған тәсіл негізінде еңбек нарығына сәйкес келтіру, алған мамандығына сәйкес түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасының міндеттері:
- университеті даярлау мамандар номенклатурасы бойынша студенттер контингентін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- қала және облыс білім беру мекемелерімен тұрақты байланыстарды орнату және нығайту;
- аймақтың білім беру мекемелерінің мектеп бітірушілердің кәсіби өзін-өзі анықтаудағы консультативтік-әдістемелік көмек көрсету және талапкерлерді университетке тарту;
- университеттің деканат, кафедралардың кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және түлектермен байланысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
- даярлаудың тиісті бағыттары бойынша (мамандықтар) жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындар деректер банкін қалыптастыру:
- білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету.