Оқу үрдісін жоспарлау офисі
Офис жетекшісі

Бексултанова Аягуз Кадырбековна
- Кабинет: 228
- Телефон: 54-58-74 (ішкі тел.110)
- e-mail: ayagoz84@mail.ru
Оқу үдерісін жоспарлау офисі оқу-әдістемелік басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Оқу үдерісін жоспарлау офисі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес университетте оқу үдерісін ұйымдастыру, басқару және бақылау бойынша жұмыстарды орындайды.
Қызмет түрлері:
- Оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау;
- білім берудің барлық түрлері бойынша жұмыс оқу жоспарларын (жылдық) жасау;
- білім берудің барлық түрлеріне, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларына арналған модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыруды үйлестіру және бақылау;
- келесі оқу жылына барлық мамандықтар бойынша академиялық күнтізбені құрастыру;
- мамандықтардың таңдау пәндер каталогын қалыптастыру және жариялауға қатысу;
- бөлімдердің оқу жүктемесін есептеу және бөлу;
оқу үдерісін ұйымдастыруда деканаттарды, кафедраларды әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету; - оқу сессияларын, аралық аттестаттау мен қорытынды аттестаттау кестесін құрастыру;
- оқу процесін қамтамасыз ету үшін аудиторлық қорды бөлу;
- семестрдің соңында және оқу жылында кафедра оқытушыларының жеке жоспарларын тексеру, аудиттің нәтижелері туралы шоғырландырылған есеп дайындау;
- білім беру үрдісіне білім беру инновацияларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- жылдың соңында ішкі аудиттерді талдау арқылы егжей-тегжейлі есепті дайындау.