Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі
- Подробности
- Опубликовано: 20 октября 2016
2016 жылғы 19-20 қазанда ҚМПИ «Мәңгілік ел» ғылыми білім беру орталығының жетекшісі Ғ.И.Шаймерден Омбы қаласында өткен «Еуразия қазақтары және олардың ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ғ.Шаймерден этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшелігі туралы баяндады. Сондай-ақ ол Қазақстанда қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған заманауи реформаларға тоқталды. ҚР Президенті жариялаған көптілді білім беру реформасы омбылық әріптестердің шынайы қызығушылығын туғызды.