Қарасудағы кездесу

14.04.16

2016 жылғы 14 сәуірде ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығының» басшысы Ғ.И.Шаймерден Қарасу ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Қазақстанның діни қауіпсіздігі мәселелеріне арналған дәріс оқыды. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы айтылып, бүгінгі таңда байқалатын негізгі жағымсыз үрдіс пен одан шығатын нақты қауіптер сөз болды. Дәрістің екінші бөлімі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мәселелеріне арналды. Ғ.Шаймерден қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының мазмұнын ашып, үштілді білімді дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз