Әуликөл ауылындағы кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 16 марта 2016
16 наурызда «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығының қызметкрелері Ғ.И.Шаймерден және Д.Е.Абенов Әуликөл ауданы әкімдігі мен АІІБ қызметкерлеріне «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына арналған дәріс оқыды. Олар баяндамаларында оқу орнында институт ректоры Қ.М.Баймырзаевтың бастамасымен студент жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын «Мәңгілік ел» ғылыми-білім беру орталығы құрылғандығы жөнінде айтып өтті. Одан басқа орталықтың басты міндеттеріне діни білім мен ағарту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жатады. Орталық қызметкерлері мен ҚМПИ волонтер-студенттері қала мен облыстың жоғары оқу орындары мен колледж студенттерімен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады.