Дінтану оқытушыларына арналған семинар
- Подробности
- Опубликовано: 19 февраля 2016
2016 жылғы 18-19 ақпанда Діни зерттеу орталығының бастығы, ҚМПИ «Дінтану орталығының» АНТ мүшесі Ғ.Шаймерден Қостанай облысы Меңдіқара және Ұзынкөл аудандық дінтану оқытушылары үшін өткізілген оқыту семинарының жұмыстарына қатысты. Семинар жұмысы барысында Ғ.Шаймерден Қостанай облысы аймағында өз қызметтерін жүргізіп жатқан деструктивті діни ағымдарға арналған «Дінтану негіздері» курсын оқытудың теориялық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Ғ.Шаймерден баяндамасында Қазақстанның діни қауіпсіздігі проблемаларына арналған мәселелерді көтерді. Қазақстандағы заманауи діни ахуал туралы айтылып, қазіргі уақытта байқалатын негізгі жағымсыз үрдістер және одан шығатын нақты қауіптер де әңгіме болды.