2015 жылдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық тыңдалымдар

2015 жылғы 11 желтоқсанда Қостанай қаласының білім басқармасында қоғамдық тыңдалымдар өтіп, оған педагог қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қатысушылары қатысты. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 2015 жылдағы бірлескен мақсатты қызметтерінің отбасыны нығайту, балалар мен жастар қозғалысын дамыту, көшбасшыны тәрбиелеу, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ресурстары мен жігерлерін біріктіргенін қоғамдық тыңдалым қатысушылары айтып өтті.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылықты нығайтуға, діни экстремизмнің алдына алуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырудағы белсенді ынтымақтастығы үшін ҚМПИ студенті А.Бычихина мен ректор кеңесшісі Ғ.Шаймерден Практик психологтер қауымдастығы және Рудный қаласының Ішкі істер бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы 2015 жылдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық тыңдалымдар