Мәдениетті адам - рухани өзара түсіністік көзі
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2015
2015 жылғы 9 желтоқсанда институтта студенттердің дін қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге Қостанай қаласы Марал Ишан мешітінің имамы Бахытжан және Константино-Еленинский соборынан Андрей әкей қатысты. Кездесу гуманизмді жоғары рухани негіздегі құндылық ретінде тәрбиелеу, студент жастардың діни толеранттығы, діни экстремизм мен терроризмнің пайда болуының алдын алу шаралары, діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатындағы діни фактордың рөлі мәселелеріне арналды. Кездесу соңы кітап көрмесімен жалғасын тапты. Кездесу тақырыбы студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды.