Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері
- Подробности
- Опубликовано: 20 ноября 2015
20 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қостанай делегациясы құрамында конференция жұмысына ҚМПИ студенті А.Бычихина және Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты Е.Бочарова қатысып, баяндама оқыды.
Конференция мақсаты – діни экстремизм қаупіне жастардың назарын аудару және оның Қазақстанда таралуына қарсы тосқауыл қою жолдарын пысықтау. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар діннің қоғам өміріндегі рөлінің арта түсуімен туындап отырған әлеуметтік өзгерістер үдерісіндегі жастардың орны мен рөлін анықтаумен байланысты мәселелерді жан-жақты талқылап, діни экстремизмнің таралуына қарсы тұру мен тойтарыс беруде өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын белсендету бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.