Қостанай облысы АНТ басшылары мен мүшелерінің слеті

slet22.10.15

22 қазанда Қостанай қаласының Достық үйінде Қостанай облысы қалалары мен аудандары жоо, колледждерінің ақпараттық-насихаттау топ басшылары мен мүшелерінің облыстық слеті өтті. Қостанай облысы Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Н.К.Нугурбеков АНТ-ның 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысын шығару жайлы баяндама оқып, Дінтану орталығы – ҚМПИ АНТ қызметіне ерекше тоқталып өтті. Конфессияаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қосқан сүбелі үлестері үшін ҚМПИ АНТ мүшелері Д.Әбенов, К.Әбілмәліков және Ғ.Шаймерден Қостанай облысы дін істері жөніндегі басқармасының алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Қостанай облысы АНТ басшылары мен мүшелерінің слеті