Д. Дисюков және ҚМПУ-дың «Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттау тобы сөз сөйледі
- Подробности
- Опубликовано: 16 апреля 2018
16-сәуірде ҚМПУ-дың 3-курс студенттерінің алдында ҚМУ-дың «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» бөлімінің басшысы – Д.А. Дисюков және ҚМПУ-дың «Еркін пікір» студенттік ақпараттық-насихаттау тобы сөз сөйледі. Д. Дисюков әртүрлі тоталитарлық діни ұйымдардың азғырып-көндірушілері белсенді қолданатын нейро-лингвистикалық бағдарламалау туралы айтып, деструктивті секталардың көшбасшылары өз қызметінде пайдаланатын басқа да психологиялық әдістемесінің мәнін мазмұндады. «Еркін пікір» қатысушылары, нақтарақ айтатын болсақ, А. Пак, З. Кадырова, А. Казмухамедова және Д. Акпанова Интернет желісін пайдалану арқылы әртүрлі деструктивті діни ұйымдарға жастарды тарту механизмін ашатын кішігірім театрланған қойылым көрсетті.