«Педагогтың мәртебесі» атты ҚР заңың талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 12 ноября 2018
2018 жылғы 12 қарашада ардагерлер кеңесі отырысында ҚР «Педагог мәртебесі» заңының талқылауы өткізілді. Қазақстанда педагогтардың мәртебесі туралы заң 2019 жылы бекітіледі,қазір қоғамдық талқылау сатысында. Заңда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін, оқу жүктемесін қысқарту бойынша ынталандыру, қажетсіз тексерулерден қорғау және басқа да шаралар көзделетін болады. Ардагерлер кеңесі мүшелері өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Заңды талқылауға Б.М. Өтегенова, п..ғ.к., педагогика кафедрасының меңгерушісі; А.Ф.Дайкер, п.ғ.к., мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры; И.И. Нечипоренко, әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өндеу бөлімінің кітапханашысы; Н.В.Важева, п.ғ.к., жаратылыстану кафедрасының профессоры белсенді қатысты.