ҚМПИ қабырғасындағы Наурыз мейрамы
- Подробности
- Опубликовано: 17 марта 2017
2017 жылдың 17 наурыз күні ҚМПИ факультеттері арасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілген болатын. Аталмыш шараның басты мақсаты салт дәстүрді сақтап, студенттер бойындағы дәстүрге, ұлттық құндылықтарға деген тәрбиені нығайту болды. Факульттертер Наурыз мейрамын үздік тойлау сайысына қатысып, барын сала білді. Сайыс шарты бойынша қатысушы факультеттер қалың бұқараға өз өнерлерін, Наурызға арналған безендірулерін, ең мықты деген дайындықтарын көрсетулері керек борлды. Институт әкімшілігі және жұмыскерлер мен студенттер кәсіподақ ұйымының өкілдері қазылық жасап, әр факультеттің өнеріне әділ бағаларын бере білді.
Барлық безендірулер ұлттық нақышта орын алып, студенттер қазақша киім киіп, театрландырылған көріністер қойды. Ал, дастарханнан дәм татқан жиналған қауым, оң бағаларын беріп, тамсана білді. Студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік бағдарлама өз алдына ерекше болып өтті. Наурыз мейрамына барлық ыакультет белсенді ат салысып, нық дайындалды. Мысалға, психологиялық-педагогикалық факультет «Бесікке салу» рәсімін көпшіліктің назарына ұсынды. Серпіндік студенттер барын салып, бұл жоралғыдан жырақ емес екендерін көрсетте біліп, жүлделі екінші орынға табан тіреді.
Ал, дене шынықтыру, спорт және турзим факультеті ұллтық ойындарды жоғары деңгейде дәріптеп көрсетті. Асық ату, жұдырықтасу, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлері жиналғандарды тамсандары білді. Көрермендердің делебесін қоздырып, керемет мереке сыйлаған аталмыш факультет үшінші орынды қанжығаларына байлады. Жаратылыстану-математикалық факультеті де жұртшылыққа «Бесікке салу» рәсімін басқа қырынан байқатты. Театрландырылған көрініс және мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқытушылар мен студенттер бір отбасындай белсене қатысып, төртінші орынды місе тұтты.
Сүбелі сөз, ұтымды ой, жан тебірентер ән мен тамжылған би. Мұның бәрі филологиялық факультет тойлаған Наурыз мейрамында тайға таңба басқандай анық көрініс тапты. «Келін түсіру» рәсіміне жиналған қауым, келінге көрімдіктерін беріп, салтты сақтап, жыршы жігітке жылы сөздерін жаудырды. Қазылар алқасы да аталмыш факультеттің дайындығын жоғары екенін атап өтіп, қатысушы оқытушылар мен студенттерге алғыстарын білдіріп, лайықты бірінші орынмен марапаттады.