«Талапкерге таңдау»

29-наурыз күні ҚМПИ қабырғасында мектеп түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті. Қара шаңырағымызға облыс мектептерінің түлектері келіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала білді. Аталмыш ашық есік күніне жиналған талапкерлердің саны 315-ке жетті. Талапкерлерге акт залда кездесу ұйымдастырылып, институтымыздың үйірме белсенділері өнер көрсетті. Факультет декандары факультеттегі кафедралар мен мамандықтар жайлы толық ақпарат беріп, ҚМПИ студенті атанудың мүмкіншіліктерін тілге тиек етті. Түлектер де өз кезегінде ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Концерттен соң талапкерлер факультет бойынша аудиторияларға бөлініп, оқытушылар мен декан орынбасарларынан толық ақпарат алды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз