ҚМПИ белсенділері «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында

ҚМПИ студенттері қай кезде болмасын әрдайым белсенділік танытып, тек қана институт қабырғасында емес, сондай-ақ, облыстық, қалалық іс-шараларда төбе көрсетіп жүргені баршаға аян болар. Оқу мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген студенттер басқа жерлерде институт имиджін көтеріп, тек оң бағаға ие болып жүр.

2017 жылдың 3 сәуір күні ҚМПИ белсенділері: Қостанай қаласы студенттер Альясының жетекшісі, психология және педагогика факультетінің студенті Асылгүл Бексұлтанова, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері Гаазе Александр мен Валерия Григорьева облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында қонақта болып қайтты. Аталмыш студенттер «Болашақ энергиясы - ЕХРО-2017» көрмесінің облыстан іріктеліп алынған еріктілері болып табылады. Бағдарлама барысында біздің студенттер еріктілер қатарына қалай қосылғандары, іріктеудің қалай өткені және көрмеге дайындықтары жайлы айтып өтті. Айта кететін жайт, облыстан еріктілер жинау жиналысы ҚМПИ қабырғасында өткен болатын. Ал, біз өз атымыздан, мамыр айының соңында Астана қаласына аттанатын белсенді студенттерімізге сәттілік тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ҚМПИ белсенділері «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында