ҚМПИ-да қонақта Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

2017 жылдың 30-наурызында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бір топ студенттері мен оқытушысы ҚМПИ ордасына ат басын бұрды. Қызылжарлық белсенділердің сұрауымен Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхана қонақтарға есігін айқара ашты. Институтымыздың әлеуметтік тәрбие басқармасының ұйымдастыруымен, Тарих және өнер факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының белсенділігімен келген қонақтар тарих ғылымдарының докторы, профессор, Манаш Қабашұлының көзін көрген, ізін жалғастырушы Аманжол Күзембайұлымен кездесті.

Кездесу барысында Аманжол Күзембайұлы Манаш Қозыбаевтың өмір жолы, ел үшін жасаған ерен еңбектері, біз білмейтін қырлары жайлы бұқпасыз баяндап берді. Манаш Қабашұлының ғылым жолына қалай келгендігі жайлы айтылған ақпарат жас қонақтарға тың жаңалық болып, Манаш аталары жайлы көбірек білуге қызыққан СҚМУ студенттері сұрақтарын жаудырып, керекті жауаптарын ала білді. Кездесу соңына таман, дәрісханада топтастырылған фотосуреттер мен деректерге куә болып, өздеріне бұрын-соңды естімеген деректер жинаған Солтүстіктен келген студенттер ризашылығын білдіре отыра, Аманжол Күзембайұлы мен институт басшылығына алғыстарын жаудырып, біздің белсенді жастарды да М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қонаққа шақыра кетті.

2017.03.30

2017.03.30

2017.03.30

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ҚМПИ-да қонақта Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті