«ҚМПИ – «Достардың» ордасы»

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты дарынды жастарға жол ашып, демеу болып, қолдау көрсетіп жүрген қара шаңырақ екені баршаға мәлім. Әуелей шырқаған әншілер, мың бұралған бишілер, қаламынан жыр саусаған ақиық ақындар, он саусағынан өнер тамған домбырашы-жыршылар және т.б. өнер жолындағы жастар ҚМПИ ордасынан сусындап, биікке қанат сермеген болатын. Талайды таңдай қақтырған әзілкеш, көтеріңкі көңіл-күйдің жаршылары КВН жастарымен де ҚМПИ арқасын кеңге жайып, мақтана алады. Оған себеп те жетеді.

Соның дәлелі ретінде, 2017 жылдың, 1-сәуірі күні ҚМПИ акт залына облысымыздың үздік әзіл майталмандары жиналған кешті айтуға болады. Жыл сайын өткізілетін орыс тіліндегі аймақтық-облыстық «ДОСТАР» лигасы биыл институымызда өздерінің фестивалін бастаған болатын. Жалпы биылғы маусымға 15 команда қатысты. Бірінен бірі өткен командалар көрерменді шынайы күлкіге қарық қылып, өткір әзілдерімен, өтімді ойларымен әділ-қазылардың оң бағасына ие болды. ҚМПИ-дың намысын қорғаған «Кабинет 04» КВН командасы келген қонақтарды керемет қарсы алып, әдемі әзілдерімен есте қала білді. Команда сапында институтымыздың жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы мен белсенді студенттері болды. Ойын соңы әуезді әнмен аяқталып, көрермен көңілді тарқасып, шабыттаған кейбір командалар ¼ финалға дайындықтарын бастап кетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «ҚМПИ – «Достардың» ордасы»