Кенеш Ғалибекұлымен болған көкейтесті кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 19 апреля 2017
«...Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын жырлағандай, қазіргі таңдағы қанатты жастар биікке самғап, талай шыңды бағындыруда. Осы тұста Елбасының сүбелі саясатының арқасында жастарға кеңінен қолдау көрсетілуде. Ал, арқасын кенге жайған арыстандай айбатты жастар алдағы уақытта елі үшін аянбай тер төгуге дайын ба?! Қазір жастарды қандай мәселелер мазалайды?! Осы және тағы басқа да салаударға жауап алу мақсатында ҚМПИ қабырғасында Қостанай облысы әкімдігінің жастар мәселесі бойынша басқарма бастығы Кенеш Ғалибекұлы Әлімжановпен кездесу өтті.
2017 жылдың, 19 сәуірі күні, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында өткен кездесуге психология және педагогика факультетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында ҚР жастар саясатын іске асыруда жасалып жатқан жұмыстар және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастарға әлеуметтік көмек көрсету тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, кездесуге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің» жетекші маманы Рашид Серікұлы Есламов та қатысты. Студенттер кездесу қонақтарымен ашық сұхбатқа түсіп, мазалап жүрген сұрақтарын қойып, керекті жауаптарын ала білді. Өз кезегінде Кенеш Ғалибекұлы жастарға мамандықтары, болашағы, таңдаулары жайында сауалдар қойып, студенттерге бағыт-бағдар беріп, «еңбек етсең емерсің» деген мәтелдің түпкі мағынасын ашып түсіндіре білді. Сондай-ақ, болашақта кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастарға да өз кеңестерін берді. Ал, Рашид Серікұлы жиналған жастарға жемқорлыққа қарсы күрес ҚР кез-келген азаматының басты парызы екенін ашық айтты. Және де мемлекеттік қызметке аяқ басқысы келетін жастарға нұсқаулығын берді. Керемет кездесу соңы «Адал бол!» деген тақырыптағы студенттер флеш-мобымен тәмамдалды.