Шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуі

21.02.15

Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары 2015 жылдың 21 ақпан күні «Шағын мектепдерде гуманитарлық пәндерді оқытудағы негізгі ерекшеліктер» атты әдістемелік семинар өткізді. Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы бөлімінің бастығы әрі тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Елизавета Викторовна кафедра мен Александров шағын мектебінің арасындағы бірлескен қызметі жайында айтты. Семинар қатысушылары т.ғ.к. Самаркин Сергей Владимировичтың ұсынған өлкетану әдебиеті мен Александров ауылының тарихы жайында берілген мағлұматтар зерттеу жұмысында оларды қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

21.02.15

Профессор, т.ғ.к. Яков Кузьмич Духиннің оқушылардың ғылыми қызметі туралы сөз сөйлеуі үлкен қызығушылыққа ие болды. Тыңдаушылар білім берудегі жаңа әдістердің ғылыми мәнің қолжетімді және сендіре аша білген баяндамашының кәсіби шеберлігін атап өтті. «Аз толымды мектептегі заманауи білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша институттың академиялық мәселелері жөніндегі департамент бастығы, п.ғ.к. Наталья Юрьевна Кифик өткізген мастер-класста мұғалімдер мен оқушылар аса белсенділік таңытты. Тарихты оқыту әдістемесі мен құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі бойынша көпшілік алдында көрсету ұсынылды.

«Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1 курс студенті Мырзағалиев Руслан институтты аяқтаған соң оны қандай болашақ күтіп тұрғанын айтып берді және Қазақ хандығының 550 жылдығын, ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде мемлекет тарихының басты сұрақтарын білуіне интеллектуалдық викторина өткізді.
Семинарда бірлескен қызмет бойынша бұдан әрі ынтымақтастық жайлы тілектер айтылды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуі