Карасу ауданындағы оқу семинары

2017 жылдың 9-10 наурызында Қарасу ауданы білім бөлімінің ақпараттық қолдауымен қосымша білім беру факультеті «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша оқу семинарын өткізді.

Семинар жұмысы «Қарасу әкімдігі білім бөлімінің Қарасу орта мектебі» ММ өтті. Тәжірибелік және дәрістік сабақтарды институттың оқытушылары мен мамандары Самаркин С.В., Ищанова Р.С., Шалгимбекова Ә.Б., Даулетбаева Г.Б., Абильмаликов К.К. өткізді.

Семинарға мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, директор орынбасарлары қатысты. Оқу барысында тындаушылар инновациялық білім беру технологияларымен, активті және интерактивті оқу әдістерімен, олардың оқу, тәрбиелік және ғылыми-зерттеулік қызметінде іске асыру тәсілдерімен танысты. Ищанова Р.С. сабағында әртүрлі стратегиялар және топтарда жұмыс жасау арқылы сын тұрғысында ойлауды дамыту технологиясын тәжірибелік игеру іске асырылды. Оқушылардың ғылыми жобалары мен ғылыми мақалаларын жазу барысындағы зерттеу әдісі Самаркин С.В. сабағында қарастырылды. Тәрбиелік және ғылыми-зерттеулік қызметінің активті әдістер презентациясын Шалгимбекова Ә.Б. өткізді. Критериалды бағалау Абильмаликов К.К. сабағында белсенді талқыланды. Триггерлерді, интерактивті презентацияларды, скриншоттарды, тесттік тапрсырмалар және интерактивті электрондық қосымшаларды жасау және қолдануы бойынша тәжірибелік жұмыс Даулетбаева Г.Б. оқу сабақтарында және тренингтерінде өтті.

Тындаушылар рефлексия барысында біздің педагогтардың қызметіне жоғары баға берді. Семинар қорытындысы – сертификаттар табысталды, ЖОО мен мектеп арасында активті ынтымақтастық және білім беру, тәрбиелік және ғылыми-зерттеулік жұмыстарды бірлесіп іске асырудағы келісім орнатылды.

2017.03.10 1

2017.03.10 1

2017.03.10 1

2017.03.10 1

2017.03.10 1

2017.03.10

2017.03.10

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Карасу ауданындағы оқу семинары