Сарыкөл ауданындағы біліктілігін арттыру курстары мен кәсіптік бейімделу жұмысы

2017 жылдың 13-25 наурызында қосымша білім беру факультеті «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы заманауи білім беру технологиялары мен инновациялық әдістері» тақырыбы бойынша Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінде біліктілігін арттыру курстарын өткізді.  Тәжірибелік және дәрістік сабақтарды институттың оқытушылары мен мамандары Самаркин С.В., Ищанова Р.С., Шалгимбекова Ә.Б., Даулетбаева Г.Б., Ловцова Д.П., Абильмаликов К.К. өткізді.

Курстқа колледж әкімшілігі, оқытушылары, әдіскерлері мен бөлім меңгерушілері қатысты. Оқу барысында тындаушылар инновациялық білім беру технологияларымен, активті және интерактивті оқу әдістерімен, олардың оқу, тәрбиелік және ғылыми-зерттеулік қызметінде іске асыру тәсілдерімен танысты. Ищанова Р.С. сабағында әртүрлі стратегиялар және топтарда жұмыс жасау арқылы сын тұрғысында ойлауды дамыту технологиясын тәжірибелік игеру іске асырылды. Оқушылардың ғылыми жобалары мен ғылыми мақалаларын жазу барысындағы зерттеу әдісі Самаркин С.В. сабағында қарастырылды. Тәрбиелік және ғылыми-зерттеулік қызметінің активті әдістер презентациясын Шалгимбекова Ә.Б. өткізді. Критериалды бағалау Абильмаликов К.К. сабағында белсенді талқыланды. Триггерлерді, интерактивті презентацияларды, скриншоттарды, тесттік тапрсырмалар және интерактивті электрондық қосымшаларды жасау және қолдануы бойынша тәжірибелік жұмыс Даулетбаева Г.Б. оқу сабақтарында және тренингтерінде өтті. «Hot Potatoes» тесттік тапсырмалар құрастыру бағдарламасын және оның оқу сабақтарында қолданылуын Ловцова Д.П. сабағында меңгерді.

Тындаушылар рефлексия барысында біздің педагогтардың қызметіне жоғары баға берді. Курс қорытындысы – сертификаттар табысталды, ЖОО мен колледж арасында активті ынтымақтастық және білім беру, тәрбиелік және ғылыми-зерттеулік жұмыстарды бірлесіп іске асырудағы келісім орнатылды. Курс барысында ЖОО оқытушылары аудан орталығының мектептері мен колледждерінде кәсіптік бейімделу жұмысын өткізді.

2017.03.25

2017.03.25

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Сарыкөл ауданындағы біліктілігін арттыру курстары мен кәсіптік бейімделу жұмысы