Самаркандағы ACADEMICA жобасы бойынша жиналыс

2017 жылдың 15-16 мамыры аралығында Самарқан ауылшаруашылық институтында (Самарқан, Өзбекстан) ACADEMICA жобасы бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиналысқа он бес серіктес ұйымдардың (Болгария, Италия, Испания, Австрия, Қазақстан, Өзбекстан және Түркменстан)өкілдері қатысып, өздерінің жұмыстарымен таныстырып, жобаның бірінші кезеңі бойынша институционалдық және ұлттық мазмұндағы есептерін ұсынды.

Аталмыш жоба аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан жоба жетекшісі, т.ғ.к., жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы Сухов Михаил Васильевич, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы п.ғ.к. Кифик Наталья Юрьевна және шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы педагогика және психология магистрі Данилова Виктория Валерьевна қатысты. Серіктестер ACADEMICA оқу курсының басталуы және лабораторияларды ендіру бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды.

Біздің ЖОО атынан ACADEMICA жобасы бойынша Данилова В.В. институт оқытушылары үшін ұйымдастырылып, өткізілетін оқыту курстарының ерекшеліктері туралы баяндама ұсынды. Әрбір сессия барысында жұмыс нәтижелері ашық талқыланып, барлық серіктестер өздерінің пікірлерімен және жоспарларымен бөлісті. Жиналысқа қатысушылар Жобаның екінші пилоттық кезеңі - оқу жоспарларын модернизациялауға басты назар аударды. Серіктестер үшін ACADEMICA жобасын жүзеге асыру үшін міндеттер, нұсқаулықтар, негізгі кезеңдер белгіленді.

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Самаркандағы ACADEMICA жобасы бойынша жиналыс