ҚМПИ-да оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілді
- Подробности
- Опубликовано: 13 ноября 2017
2017 жылдың 8-12 қараша айларында ҚМУ мен ҚМПИ- ның базасында оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізілді. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студентттері 19 мамандық бойынша тест тапсырды.
ОЖСБ қызметінің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру орта және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау болып табылады, «Білім берудің тиісті деңгейіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызының №1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес әзірленген.
Мамандықтар бойынша ОЖСБ-ның нәтижелері:
Мамандық |
орташа балл |
5В010300 «Педагогика және психология» |
100,61 |
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» |
99,76 |
5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» |
97,67 |
5В010200 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» |
96,79 |
5В011400 «Тарих» |
93,19 |
5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» |
92,91 |
5В010500 «Дефектология» |
92,10 |
5В010900 «Математика» |
91,58 |
5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» |
90,38 |
5B090200 «Туризм» |
87,3 |
5В011000 «Физика» |
86,85 |
5В011500 «Құқық және экономика негіздері» |
84,88 |
5В011600 «География» |
84,24 |
5В011100 «Информатика» |
83,64 |
5В011300 «Биология» |
83,09 |
5B050300 «Психология» |
82,50 |
5В011200 «Химия» |
72,46 |
5В012000 «Кәсіби оқыту» |
70,56 |
5В010800 «Дене тәрбиесі және спорт» |
68,37 |
Итог: |
88,83 |