Кеше біз Денисов ауданына барып қайттық ...
- Подробности
- Опубликовано: 08 ноября 2017
Кәсіби бағдарлау - бұл адамның кәсіби өзін-өзі тануына және оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, ең жақсы жұмыс түрін таңдауға көмектесетін арнайы шаралар жиынтығы екені бәрімізге де белгілі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке ала отырып, бейімделу кезінде еңбек нарығына бағытталған құзыреттілігін қалыптастыру.
Жоғары сыныптар ... Мектеп түлектері үшін қиын уақыт.Мұның бәрі мемлекеттік атестаттауды және бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыруды,оқудың аяқталуына дайындықты, ал ең бастысы – ҰБТ- ның негізгі пәндерін таңдап және ЖОО- ры мен болашақ мамандығы туралы шамалап түсінігі болу керек.
Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сондай-ақ болашақ үміткерлерді институтқа қызықтыру үшін, кеше біз Денисов ауылындағы №1 және №2 орта мектептеріне барып,10-шы және 11-ші сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргіздік. Балалардың алдында институттың қабылдау комиссиясының қызметкерлері Н.И. Кабдрахметов, Н.В. Ковалёва, педагогикалық факультетінің аға оқытушысы У.В.Гущина және БОПмӘ факультетінің 1 курс студенті Бондарь Лидия сөз сөйледі, айтпақшы ол - Денисов орта мектебінің түлегі. Лидияны мұғалімдер мен мектеп оқушылары жылы қарсы алды.
Сөз сөйлеу барысында біз балаларға біздің жоғарғы оқу орнын тәмамдағаннан кейін 100%-дық жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне қызығушылығын таныттық. Келешекте балалардың назарын перспективаға аударып көптеген үміткерлерді өзімізге тарту, өйткені бұл ерекшелік адамның таңдауын анықтайтын шешуші фактор болуы мүмкін. Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарының көптеген бөлігін педагогикалық мамандықтарына бөледі, бұл - маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Біз институттағы студенттердің қызықты өмірі туралы айтқан едік: студенттер әртүрлі қызмет салаларында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қалалық және республикалық жарыстарға қатысады, елдің ауқымды іс-шараларына қатысып, олардан да ерекшеленіп жүлделі орындарға ие болады.
Тұсаукесер рәсімінен кейін оқушылар институттағы бейіндік пәндердегі мамандықтарға қатысты көптеген сұрақтар қойды.
Қорытындылай келе, біз балаларға институт туралы ақпараттық материалды таратып және барлық балаларды біздің институтқа шақырдық, олар қосымша ақпарат алсың, болашақ мұғалімдерімен танысып және Қостанай педагогикалық институты тек біздің аймақта ғана емес, сонымен қатар республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі екеніне көз жеткізсің деп. Педагогикалық институттың тәжірибесі мен дәстүрлері, көпжылдық тарихы бар.
Кездесу барысында мектеп ұжымымен,сынып жетекшілерімен,оқу- іс меңгерушісі және мектеп директорларымен, сондай-ақ балалармен байланыс орнатып, болашақта ынтымақтастыққа үміттеніп телефондармен алмастық. Мектептің мұғалімдеріне,оқу- іс меңгерушісіне және мектеп директорларына уақыт бөлгендері және кабинет ұсынғандары үшін алғыс айтқым келеді.