ҚМПУ оқытушылары тренерлерді оқыту курстарында

2018 жылдың 17 қыркүйегі мен 28 қыркүйегі аралығында Астана қаласында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша тренерлерді оқыту курстары өтті. Курсқа қатысушылардың қатарында біздің оқытушылар - Арсаева С. Б., Баубекова Г. К., Косжанова А. Г., Суюндикова Ж. Т.

Оқытудың мақсаты студенттердің одан әрі оқуы үшін оқытушылардың кәсіби дамуына ықпал ету және болашақ мұғалімдердің әдістемелік арсеналын кеңейту, практикалық жұмыста қажетті жалпы педагогикалық, жалпы әдістемелік тәсілдерді қалыптастыру болып табылады.

Оқытушылар орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс стратегиясының, негізгі 7 модульді қолдана алатын жаңа форматты мұғалімнің даярлығын меңгеріп алды. Тренерлерді даярлаудың практикалық бөлімінде жиынтық бағалаудың тестілік спецификациясының құрылымын белсенді оқытумен оқу пәндері бойынша сабақтар жоспарланды және өткізілді.

Жақын арада курстан өткен педагогтар ЖОО-ның ПОҚ үшін тренингтер өткізбекші.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс ҚМПУ оқытушылары тренерлерді оқыту курстарында