Жас оқытушылар байқауы

26 қарашада ҚМПУ менторлік жобасы (кураторы Важева Н.В.) қатысушыларының алғашқы отырысы өтті. Өткен оқу жылының аяғында ҚМПУ сайтында жарияланған сайыстың шартына сай жас ұстаздар конкурсының соңғы сатысына дайындық туралы сұрақтар қаралды. Мәжіліске қатысушылар өздерінің тәлімгерлерімен келді. Ректордың кеңесшісі п.ғ.д., профессор Бектурганова Р.Ч. қатысушыларға конкурсқа байланысты қосымша бағдар берді. Тілек білдірген 12 үміткердің бүгінгі күні жетеуі іріктеліп алынған. Үміткерлердің ашық сабақтары 2019 жылдың ақпан- наурыз айларына белгіленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Жас оқытушылар байқауы