Wonder 7 жобасы өзі туралы мәлімдейді

30 мамырда co – working «Boom Space» орталығында студенттік Students Talks атты бейресми конференциясы өтті. Конференция «Рухани жаңғыру» атты бағдарлама аясында өткізілді. ЖОО-дар арасындағы конференция Students Talks – бұл диалогтік орта студенттік сектордың өкілдеріне арналған, онда әрбір спикер өзінің тәжірибесі мен идеяларымен бөлісті. Әр спикердің шығысында өзекті әрі қызықты мәселелер қозғалды, өмірдің түрлі аспектілеріне қатысты. Спикерлердің ішінде біздің университеттің студенттері – Кожамбердиев Султан, 3 курс студенті ӘГФ және Темирханова Диана, 2 курс студенті Ф.Ф., өздерінің жобалық жұмыстары туралы, әсіресе, Wonder 7 туралы айтып берді.

Оған қоса, 31 мамырда co – working орталығы Рудный қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында есеп беру кездесуі өтті. Кездесу диалог түрінде болды. Спикерлер ретінде әртүрлі салалардың өкілдері шақырылды: мектеп мұғалімдері, бизнесмендер, студенттер, еріктілер ұйымдарының көшбасшылары. Спикерлер арасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетінің студенті Темірханова Диана болды. Диана «Wonder 7» білімдік жобасы туралы әңгімелеп берді. Жобаның негізгі идеясы - Қазақстанның бай мәдениеті туралы анимациялық фильмдерді ағылшын тілінде жасау. Олардың басты ерекшеліктерінің бірі - көрерменнің кейіпкерлерінің интерактивті қарым-қатынасы. Анимацияның бөлімдері «Ұлы даланың 7 қырын» көрсетеді. Әрбір бөлімі – Қазақстанды саяхаттап және балаларды тарихпен әрі қызықты фактілермен таныстыру жайында.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс Wonder 7 жобасы өзі туралы мәлімдейді