«Адам анатомиясы» пәнінен "Ас қорыту жүйесі" атты тақырыбына ашық дәріс
- Подробности
- Опубликовано: 12 февраля 2018
2018 жылдың 12 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығында аға оқытушы Суюндикова Жанар Тулеутай қызы "Биология" мамандығының 2 курс студенттеріне «Адам анатомиясы» пәнінен "Ас қорыту жүйесі" атты тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты - асқорыту жүйесі бөлімдерінің құрылысын, топографиясын, функцияларын және ерекшеліктерін қарастыру болды. Сабақта ассоциаграмма, кластер, миға шабуыл, деңгейлік тапсырмалар секілді оқытудың интерактивті әдістер қолданылды. Дәріс сабағында студенттер шағын топпен "Джигсо" әдісі бойынша жұмыс істеді. Әдістің мәні шағын топтарға оқу бағдарламасы бойынша жеке қарқынымен ұйығарып ұсынуға мүмкіндік беріледі. Студенттер түрлі-түсті стикерлерді таңдап, түсі бірдей стикерлер бойынша алғашқы тобын қалыптастырды.
Әрбір шағын топтағы студентке бірден үшке дейін реттік нөмірі берілді. Бұдан әрі оқытушы барлық топқа жаңа тақырыппен таныстыру үшін материалды үлестірді. Кейін бірдей нөмірлері бар студенттер сараптама тобын құрып (үш топ), онда жаңа тақырыптың белгілі бір бөлігін егжей-тегжейлі қарастырды. Алдын-ала мәтін (жаңа тақырып) бірнеше мағыналық бөлімдерге бөлініп, әрбір топ мәтіннің белгілі бір бөлігімен жұмыс істеді.
Оқытушы студенттердің топпен жұмысын бақылап, сондай-ақ әрбір топқа кезекпен келіп оларда талқылау барысында пайда болған сұрақтарына жауап берді. Кезекпен топпен шыққан студенттер бүкіл аудиторияға тақырыптың өз бөлігін түсіндірді. Бұдан әрі студенттер алғашқы топтарына қайтып барды. Осылайша, әрбір топта жаңа тақырыптың барлық бөлімінен хабардар сарапшылар пайда болды. Бұл топтарда ақпарат алмасу, өзара оқытуы және талқылау өтті.
Әр түрлі тапсырмалардың көмегімен оқытушы жаңа материалды қаншалықты түсінгенін, меңгергенін тексерді. Сабақты бекіту кезінде асқорыту жүйесінің мүшелерінің және бөлімдерінің атауын латын тілінде жақсы есте сақтау үшін CLIL технологиясының элементтері қолданылды. Сабақ соңында рефлексия өткізілді. Сабаққа кафедра оқытушылары қатысып, студенттердің белсенділігін, сабақтың әдістемелік ұйымдастырылуының жоғары деңгейде өткенін атап өтті.