Әдістемелік семинар «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша формативті бағалау кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер»
- Подробности
- Опубликовано: 09 ноября 2018
2018 жылғы 9 қарашада «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ» педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлатып жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарының нәтижелері бойынша жаратыластану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Суюндикова Ж.Т., Баубекова Г.К. «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша формативті бағалау кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты орта білім беру жүйесіндегі жаңа форматтағы формативті бағалау әдістерін талқылау болды. Семинарға кафедра оқытушылары, сонымен қатар мемлекеттік тілде оқитын «Биология», «География» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.
Суюндикова Ж. Т. формативті бағалау кезінде қолданылатын ойлау дағдыларын, шығармашылықты, өздігінен оқытуды дамытуға, жағдайды талдай білуге бағытталған әдістер (джигсо, ми шабуылы, кейс-сатысы әдісі, жобалау технологиясы, кері байланыс және т. б.) туралы әңгімеледі. Осы әдістерді қолдану барысында әрбір білім алушының іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді, оқушыларға сабақтың кез келген кезеңінде жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Студенттер семинар барысында ұсынылған уақыт ішінде шағын топтарда жұмыс істей отырып, әдістер жөнінде (джигсо, кейс-стадия әдісі) қалыптасқан түсініктерін көрсетті. Студенттер семинардың пайдалылығы мен уақтылығын атап көрсетті, себебі 2019 жылдың қаңтар айында студенттер мектептерде оқу-тәрбие тәжірибесін өтуі жоспарланып отыр.