ҚХА кафедрасында Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы сөз қозғалды
- Подробности
- Опубликовано: 04 марта 2020
2020 жылдың 4 наурызында ҚХА кафедрасында Қазақстан Республикасы Конституциясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлт бірлігі доктринасы: іргелі принциптер - Доктрина национального единства: основополагающие принципы» атты диалог алаңы өтті.
Аталмыш іс-шара ҚМПУ ҚХА кафедрасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу" атты ғылыми-білім беру жобасы аясында психология және педагогика факультетінің студенттері үшін ұйымдастырылды. Диалог алаңында барлығы 50 студент қатысты.
Психология және педагогика факультеті деканның орынбасары Г.А.Алипбаева студенттерге құттықтау сөз сөйледі. Ол осы кездесудің Отанымыздың қалыптасу тарихымен байланысты Тәуелсіз Қазақстанның мерейтойлық күндері кезінде өтіп жатқанын өз сөзінде атап өтті. Гүлжан Ағыбайқызы: "Біз тарихқа деген мақтанышпен және құрметпен бейбітшілік пен келісімді сақтауымыз керек, ал жастар Қазақстанды жаңа шыңдарға шығаруы керек" екенін атап өтті.
Кездесу басында жүргізушілер, Кадыржанов Мадияр (ПжП 1 курс) және Кириченко Вероника (Дефектология 1 курс) студенттермен шағын викторина өткізді. Жүргізушілер бірлігі бір датаны атайды, ал студенттер осы күні Қазақстанда не болғанын айтады. Мәселен, Қазақ ССР-інің Қазақстан Республикасына қайта аталуы, ұлттық валютаның енгізілуі, ҚР Конституциясының қабылдануы, ҚХА құрылуы туралы Жарлыққа қол қойылған күн және т.б
Диалог алаңында жүргізушілердің сұрауы бойынша, бірінші спикер ретінде ҚХА кафедрасының профессоры В. Г. Вишниченко, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ел заңының авторы ретінде және бірегей қоғамдық институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы мен тағайындалуы туралы айтып берді.
Қостанай қалалық сотының судья-медиаторы – Рахметуллина Гүлсара Елтаевна Екінші спикер болып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде мемлекетіміздің Негізгі Заңының қалай құрылғаны жайында және оның саяси жаңғырту жағдайындағы ерекшелігі туралы айтып өтті.
ҚХА кафедрасы Гүлсара Елтаевнамен бұрыннан достық қарым-қатынаста екенін айта кету керек. Студенттер халықтық дипломатия және медиация мектебі аясында Қостанай қалалық сотының медиация кабинетіне барып тұрады. Осыған байланысты Гүлсара Елтайқызына Қазақстан Республикасы Конституциясының және ҚХА-ның 25 жылдығына арналған диалог алаңын өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс айтқымыз келеді және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде кәсібилігі, ынтымақтастығы және елеулі үлесі үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді.
Осы диалог алаңында ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова тыңдаушылары ППФ студенттері болатынын ескере отырып, «Ертегілердегі адамның конституциялық құқықтары» атты шағын викторина дайындады. Студенттер, болашақ тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдері ертегіде қандай конституциялық құқық айтылатынын немесе бұзылғанын анықтау керек болды. «Бауырсақ», «Үйшік», «Үш торай», «Алтын кілт», «Алдаркөсе» және тағы басқа ертегілер мысалға алынды.
ҚХА кафедрасының профессоры, п.ғ.к. З.У. Карбенова кездесуді қорытындылады.
ППФ студенттері Ибраева Лаура, Кошерова Зария, Жагалбайлина Перизат, Токенова Айгерим кездесу барысында мәнерлеп өлең оқи отырып, диалог алаңын дайындауға және өткізуге үлкен көмек көрсетті.