№ 8 орта мектептегі ақпараттық сағат
- Подробности
- Опубликовано: 11 марта 2020
2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау аясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова Қостанай қаласының №8 орта мектебінің 8-сыныбында ақпараттық сағат өткізді.
О. Н.Евдокимова өз сөзінде «Конституция» ұғымына, Конституцияның негізгі құрылымдық элементтері мен ерекшеліктеріне тоқталып, 1993 және 1995 жылғы Конституцияға салыстырмалы талдау жасады, адамның және ҚР азаматының конституциялық құқықтары мен міндеттерін еске түсірді және адамның әлеуметтік және мәдени құқықтарын бекітуге бағытталған ойын өткізді.
Қостанай Достық үйінің еріктілері «Своя игра» интеллектуалды ойынын өткізді. Ойын барысында оқушыларға «Толеранттылық», «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және «Тапсырма» сияқты төрт санаттағы сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Сабақ ерекше, қызу өтті. Оқушылар барлық сұрақтарға жауап бере алмады, бірақ жалпы Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы жақсы білімдерін көрсетті.